Адуов Талғат Мұбарақұлы

    Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Адуов Талғат Мұбарақұлы
    Елші

    Адуов Талғат Мұбарақұлы

    Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    1976 жылғы 20 наурызда дүниеге келген.

    1998 жылы Түркия Республикасындағы Мармара мемлекеттік университетін бітірген.

    1997–1998 жж. – «Turkuaz Int» компаниясының логистика және сатып алу бөлімі басшысының орынбасары.
    1998–1999 жж. – «Turkuaz Int» компаниясының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиал директорының орынбасары.
    1999–2001 жж.– Батыс Қазақстан бойынша «Ram-Henkel KZ» бірлескен кәсіпорнының аймақтық директоры.
    2002 ж.– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің үшінші хатшысы.
    2002–2003 жж.– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің үшінші хатшысы.
    2003–2006 жж.– Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, екінші хатшысы.
    2006–2007 жж.– Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және көпжақты ынтымақтастық департаментінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
    2007 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы.
    2007–2009 жж.– Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының аға сарапшысы, сарапшысы, консультанты.
    2009–2015 жж.– Қазақстан Республикасы Президенті Протоколы бастығының орынбасары.
    2015–2016 жж.– Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының мемлекеттік инспекторы.
    2016–2017 жж.– «ҚазАвтоЖол» ұлттық акционерлік қоғамы төрағасының орынбасары.
    2017–2018 жж.– Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.
    2018–2021 жж.– «Отандастар» қорының бірінші вице-президенті.
    2021 ж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының кеңесшісі.
    2021–2026 жж.– Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы Бас хатшысының орынбасары.

    2026 жылғы қыркүйектен бастап – Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

    II сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

    Түрік және ағылшын тілдерін меңгерген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері