
Кусаинов Мурат Манарбекович
"Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ басшысы
Өмірбаян
Туылған күні - 1969 жылғы 14 қыркүйек
Туылған жерi - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы
Бiлiмi - жоғары білім, Қазақ политехникалық институтын «тау-кен инженері» мамандығы бойынша, ал 1996 жылы Лениногор орман колледжін «орман технигі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Мұрат Манарбекұлы 1969 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ политехникалық институты н «тау-кен инженері» мамандығы бойынша, ал 1996 жылы Лениногор орман колледжі н «орман технигі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысындағы Аюды орман шаруашылығында бірінші разрядты жұмысшы болып бастаған.
1993–1999 жылдары Ұлан ауданының Асу-Бұлақ орман шаруашылығында жұмыс істеп, орманшының көмекшісі, орман шаруашылығы инженері, бас орманшы қызметтерін атқарған.
1999–2015 жылдары осы орман шаруашылығының директоры болды.
2015–2017 жылдары Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметін атқарды, 2017–2018 жылдары Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болды.
2018–2025 жылдары қайтадан Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын басқарды.
2025 жылдан 2026 жылдың наурыз айына дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылғы 12 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып қайта тағайындалды.