
Мұхтаров Данияр Маратұлы
“Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” ММ басшысы
Өмірбаян
Данияр Маратұлы Мұхтаров-1994 жылы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы, Георгивка (қазіргі Қалбатау) ауылында дүниеге келген.
Ұлты-қазақ
Білімі-Жоғары
2010 жылы Өскемен экономика және қаржы колледжіне оқуға түсті. 2013 жылы есеп және аудит мамандығы бойынша диплом алған, біліктілігі экономист-бухгалтер. Одан әрі 2013 жылы Алматы экономика және статистика академиясына түсіп, 2016 жылы есеп және аудит мамандығы бойынша диплом алған .
01.07.2013 - 01.09.2013 ж. – “Риддер қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-де бухгалтердің көмекшісі ретінде жастар тәжірибесінен өтіп, тәжірибесін аяқтау
01.10.2013 – 01.08.2016 ж – “Жарма кредиттік серіктестігі 2020” ЖШС кредиттік менеджер.
10.04.2019-18.04.2022 ж – Риддер қаласының кәсіпкерлік палатасы филиалының директоры
21.04.2022-14.07.2022 ж - №299 БҚО “Jusan Bank” АҚ Шығыс Қазақстан филиалы заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімі, супервайзер, Риддер қ.
15.07.2022-10.07.2023 ж - № 299 АҚ “Jusan Bank” БҚО супервайзері
03.08.2023 ж. бастап – “Риддер қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімі” ММ басшысы.
