ЖОШЫБАЕВ РӘПІЛ СЕЙІТХАНҰЛЫ

    Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Елшісі

    ЖОШЫБАЕВ РӘПІЛ СЕЙІТХАНҰЛЫ
    Посол

    ЖОШЫБАЕВ РӘПІЛ СЕЙІТХАНҰЛЫ

    Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Елшісі

    Өмірбаян

    1963 жылы 22 тамызда туған. Қырғыз мемлекеттік университетін (1985), Санкт-Петербург экономика және қаржы университетін (1992) бітірген.

    1985-1986 жж. – Қырғыз КСР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ғылыми-зерттеу институтының экономисті.

    1986-1988 жж. – Қырғыз КСР Мемлекеттік жоспарлау Есептеу орталығының аға инженері.

    1988-1989 жж. – Вознесенский атындағы Ленинград қаржы-экономикалық институтының тағылымдамашы-зерттеушісі.

    1989-1992 жж. – Санкт-Петербург экономика және қаржы университетінің аспиранты.

    1993 ж. – Санкт-Петербург (Ресей Федерациясы) экономика және қаржы университетінің тағылымдамашы-оқытушысы.

    1993-1996 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасының үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

    1996-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, бөлім бастығы.

    1998-2000 жж. – Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

    2000-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколы басшысының орынбасары.

    2003-2004 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Конфессияаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі.

    2004 ж. – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас инспекторы.

    2004-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

    2007-2013 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы.

    2013-2016 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары.

    2013-2018 жж. – ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары.

    2018-2019 жж. – «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» ұлттық акционерлік қоғамының басшысы.

    2019-2021 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

    І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

    Ағылшын тілін меңгерген.

    Отбасылық жағдайы: үйленген, 5 баласы бар.