
Иманбаев Болат Бәриұлы
Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
1968 жылы 31 қаңтарда дүниеге келген.
1990 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, 2017 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген.
Дипломатиялық қызметін 1994 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің бірінші хатшысы ретінде бастаған.
1998 – 1999 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Үшінші департаменті Мемлекеттік протокол басқармасының кеңесшісі.
1999 ж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі.
1999 – 2000 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері комитетінің бөлім бастығы.
2000 – 2003 жж. Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.
2004 – 2005 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаментінің директоры.
2005 – 2008 жж. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.
2009 ж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.
2009 – 2011 жж. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры.
2011 – 2014 жж. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі.
2014 – 2017 жж. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
2017 – 2019 жж. Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы (Ресей Федерация) Бас консулы.
2019 – 2021 жж. Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және 2020 жылғы қаңтардан Қазақстан Республикасының Бруней-Даруссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалғанға дейін 2021 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Армения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
Неміс және ағылшын тілдерін меңгерген.