Нұрбаева Назира Нұртөлеуқызы

    Бас консул

    Нұрбаева Назира Нұртөлеуқызы
    Консул

    Нұрбаева Назира Нұртөлеуқызы

    Бас консул

    Өмірбаян

    1975 жылы 16 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

    Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы, Оксфорд университетнің Said атындағы Бизнес мектебін бітірген.

    Еңбек жолын 1998 жылы «Price Waterhouse» аудиторлық компанияның қазақстандық филиалында консультант болып бастаған.

    2003-2004 жылдары «LUKOIL Overseas Services» компаниясында салық бойынша бас кеңесшісі болып жұмыс істеді.

    2004–2014 жылдары «Price Waterhouse» компанияның бас менеджері болды.

    Кейіннен 2014-2020 жылдар аралығында сол компанияда директор лауызымын атқарды.

    2020 жылдан 2021 жылға дейін «Deloitte TCF» компаниясында серіктес болды.

    2021 жылдың сәуір айында «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалған.

    «Samruk-Kazyna Invest» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы (2021-2022), Qazaq Air директорлар кеңесінің төрағасы (2022-2023), «Қазатомөнеркәсіп» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2021-2023), «ҚТЖ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (2022-2023) болған.

    2023 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып істеген.

    2024 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Сан-Франциско қаласындағы Бас консулы болып тағайындалған.

    Ағылшын тілін меңгерген.

    Үйленген, төрт баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері