
Толеков Гани Алибекович
Парыгино ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Толеков Гани Алибекович, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралиха ауылында дүниеге келген, Құқықтану мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Еңбек жолын 1988 жылы Маралиха совхозындағы Алтай фермасында жұмысшы болып бастаған.
1989 жылдың қарашасынан 1991 жылдың қарашасына дейін Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен.
1992 жылдан 1994 жылға дейін Күршім ауданы Маралиха совхозының автопаркінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
1995 жылдың ақпанынан 1996 жылдың сәуіріне дейін Самар ауданы Ново-Тимофеевка ауылы Чистый Яр ауылшаруашылық кәсіпорындарының су құбырының слесарі болып жұмыс істеген.
1996 жылдың маусымынан 2016 жылдың ақпанына дейін ҚР Ішкі істер органдарында түрлі лауазымдарды атқарған.
2022 жылдың мамырынан 2023 жылдың тамызына дейін «Терезе» ЖШС учаскесінің бастығы қызметін атқарған.
Алтай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 04 қыркүйектегі шешімімен Алтай ауданы Парыгино ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.




