
Ахинжанов Еркін Қадырбекұлы
Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Өмірбаян
1968 жылы 28 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген.
Алматы шет тілдері педагогикалық институтыны бітірген.
1992 – Қазақ мемлекеттік экономикалық университетінің ағылшын тілінің оқытушысы
1993 - 1995 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының референті, атташесі
1995 - 1997 – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы
1997- 1998 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің үшінші хатшысы, бөлім бастығы
1998 - 2003 – Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы
2003 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің хатшылығы Ақпарат және талдау басқармасының бөлім бастығы
2003 - 2005 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің басқарма бастығы, директордың орынбасары
2005 - 2008 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры
2008 - 2009 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) департаментінің директоры
2009 - 2011 – Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары
2011 - 2012 – Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары
2012 - 2014 – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры
2014 - 2017 – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі
2017 - 2018 – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары
2019 - 2023 – Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі
11.01.2023 бастап – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

