
Калмагамбетова Айжамал Узакбаевна
Басшының орынбасары
Өмірбаян
13 ақпан 1984 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары. 2006 жылы РМҚК «Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін» бітірген. Мамандығы Құқықтану-заңгер.
Еңбек жолын 2008 жылы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласының әділет басқармасында іс жүргізуші маманның көмекшісі ретінде бастаған. 2008 жылдың 1 сәуірінен Ақтау қаласының әділет басқармасы, төлқұжат іс маманының көмекшісі. 2009 жылдың сәуір айының 20 жұлдызынан бастап Маңғыстау облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің ұйымдық-бақылау және кадрлармен қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманының уақытша міндетін атқарушы. 2009 жылдың маусым айының 15 жұлдызынан бастап Маңғыстау облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің ұйымдық-бақылау және кадрлармен қамсыздандыру бөлімінің жетекші маманы. 2013 жылдың мамыр айының 8 жұлдызынан әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің жетекші маманы. 2014 жылдың 21 сәуірінен бастап әлеуметтік көмек және қолдау бөлімінің басшысы лауазымына ауысу тәртібімен тағайындалды. 2016 жылдың 4 сәуірінен бастап Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
