
Өмірбаян
2008 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Халықаралық Бизнес академиясын бітірді. 2009 жылы «Менеджмент» мамандығы бойынша Дүниежүзілік технологиялық университетті бітірген. 2012 жылы «Экономика» мамандығы бойынша Халықаралық Бизнес академиясын бітірді, экономика ғылымдарының магистрі. 2013 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін бітірді, техника және технология магистрі.
Еңбек жолын 2006 жылы Халықаралық Бизнес-Академиядағы Ақпараттық технологиялар кафедрасының ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету, жүйе техникасы бөлімінің лаборанты болып бастаған;
2008ж. - 2009ж. «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ кезекші инженер-жүйелік технигі;
2009ж. - 2019ж. жүйелік-техникалық қызмет көрсету бөлімінің аға инженері, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ АЖ сүйемелдеу бөлімінің/ басқармасының бастығы;
2018ж. - 2019ж. ҚР ДСМ «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК корпоративтік қауіпсіздік орталығының ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас менеджері, IT қауіпсіздігі тобының басшысы;
2019 жылы «Бірыңғай үйлестіру орталығы» КММ Call-орталығының ауысым басшысы лауазымына қабылданды;
2019 жылғы қарашадан бастап Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы жобалау, ақпараттандыру және байланыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды;
2020 жылғы ақпанан бастап Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшының орынбасары болып тағайындалды;
2023 жылғысәуір айынан бастап Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысы болып тағайындалды.