Исаков Мират Нұрғалиұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Исаков Мират Нұрғалиұлы 1991 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2014 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ақпарат және талдау орталығында әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші лауазымынан бастаған.

    2016–2017 жылдары Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің құқықтық мәселелері жөніндегі инспекторы, сондай-ақ Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-заңгері.

    2017–2018 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығының заң және кадр бөлімінің басшысы, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының персоналды басқару қызметінің бас маманы.

    2018–2020 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының шаруашылық басқармасының кадрлық жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, сондай-ақ осы басқарманың ұйымдастыру жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

    2020–2023 жылдары «Тараз-Автоснаб» ЖШС-нің директордың әкімшілік-құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары.

    2023–2025 жылдары «Қазақстан халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары.

    2025–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің заңнаманың сақталуын бақылау, талап-арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының әкімшілік, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып қызмет атқарып келген.

    2026 жылғы 10 тамыздан бастап Жамбыл облысы Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері