
Елеусизов Айбек Толеуович
Қарқаралы ауданының Балқантау ауылдық округі әкімі
Өмірбаян
Мен, Елеусізов Айбек Төлеуұлы, 1972 жылғы 1 наурызда Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы, Абай ауылдық округіне қарасты Айнабұлақ ауылында дүниеге келдім.
1978–1988 жылдары Қаракөл ауылындағы №19 орта мектепте білім алдым.
2000–2004 жылдар аралығында Қарағанды экономикалық университетінде жоғары білім алдым.
1990–1992 жылдары әскери қызмет қатарында болдым.
1994–2010 жылдар аралығында Қарқаралы аудандық, Қарағанды қалалық және Қарағанды облыстық ішкі істер басқармаларында қызмет атқардым.
2010–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығында арнайы және әскери тасымалдау бөлімінің офицері, аға офицері және бөлім бастығы лауазымдарында қызмет еттім. Қызметтік міндеттерімді Қарағанды және Астана қалаларында атқардым.
2017–2019 жылдары «KMG-Security» ЖШС Қарағанды филиалы жедел тобының аға маманы болып жұмыс істедім.
2019–2020 жылдары «SMMinerals» ЖШС қауіпсіздік қызметінің бастығы қызметін атқардым.
2024–2025 жылдары «Қазақмыс» ЖШС-де қарауыл бастығы болып еңбек еттім.
2025–2026 жылдары Қаракөл ауылдық округінің әкімі қызметін атқардым.
