Крыжан Александр Викторович

    Заң бөлімінің басшысы

    Крыжан Александр Викторович
    Бөлім басшысы

    Крыжан Александр Викторович

    Заң бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Крыжан Александр Викторович, 2000 жылғы 20 маусымда Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Сарыкөл кентінде дүниеге келген. 2018 жылы Урицк мектеп-лицейін бітірген.

    2018 жылдан 2022 жылға дейін Петропавл қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының академиясында «Әскерлерді командалық-тактикалық басқару, зымырандық-артиллериялық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алған.

    Оқуын аяқтағаннан кейін, 2022 жылы Астана қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысының қарамағына жіберілген.

    Кейін ҚР ҚМ Құрлық әскерлерінің 44736 әскери бөлімінде қару-жарақ қоймасының бастығы лауазымына тағайындалған. 2023 жылы аталған әскери бөлімнің зымырандық-артиллериялық қару-жарақ қызметінің офицері лауазымына тағайындалған.

    2024 жылы запасқа шығарылған.

    2026 жылғы қаңтардан маусымға дейін «АвтоПартнер» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарған.

    2026 жылғы 22 шілдеден бастап «Сарыкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ заң бөлімінің басшысы міндетін атқарушы лауазымына тағайындалған

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері