Байбусинова Зауреш Мухамедовна
«Алматы облысының ату спорты түрлерінен балалармен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы
Өмірбаян
1970 жылғы 13 қаңтарда Жетісу облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолын 1987–1990 жылдары кеңсе машинисткасы және зертханашы ретінде бастаған. 1991 жылы тазалықшы қызметін атқарды. 1992–2004 жылдары оқ ату спорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасында спортшы-нұсқаушы болды. 2005–2007 жылдары аға әдіскер, 2005–2020 жылдары оқ ату спорты бойынша жаттықтырушы қызметін атқарды. 2020–2022 жылдары пара оқ ату спорты бойынша аға жаттықтырушы қызметін атқарды. 2026 жылғы 12 қаңтардан бастап «Алматы облысының ату спорты түрлерінен балалармен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ басшысы қызметін атқарады.




