
ИНЖУБАЕВ БАКЫТЖАН ТОКТАНОВИЧ
Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы
Өмірбаян
Меркі ауданы Меркі ауылында 1991 жылы 11 мамырда дүниеге келген. 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2009 жылы «ML MERCUR» ЖШС-нің экономисінің көмекшісі болып бастаған.
2009-2010 жылдары «ML MERCUR» ЖШС-нің бухгалтері;
2010 жылы Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің маманы;
2010-2011 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің қаржы бөлімінің маманы;
2011-2012 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің арнайы тексеруден өткенге дейін бас маманның міндетін атқарушы;
2012-2015 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бюджеттік саясат және жоспарлау секторының бас маманы;
2015-2018 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
2018-2021 жылдары аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің бас инспекторы-бухгалтері;
2021-2023 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысы;
2023-2025 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы;
2025-2026 жылдары Меркі ауданы әкімі аппаратының кеңсе бөлімшесінің бас инспекторы (уақытша);
2026 жылдың маусым айынан бастап Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы лауазымын атқарып келеді.




