
Ергазыұлы Алмас
Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы
Өмірбаян
Меркі ауданы Меркі ауылында 1985 жылы 11 желтоқсанда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 2010 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2006 жылы Меркі ауылдық округінің бақылаушы маманы болып бастаған.
2007-2011 жылдары Меркі ауылдық округі әкімі аппаратының келісім шарт бойынша қарауылы;
2011-2012 жылдары «Жылы бұлақ Меркі» ЖШС-нің №3 бригадасының есепшісі;
2012 жылы «Цесна Астық» ЖШС-нің тасымалдау қызметінің экспедитор-жүргізушісі;
2012-2013 жылдары Меркі ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің маманы;
2013 жылдың қазан-желтоқсан айлары аралығында Ақтоған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман іс-жүргізушісі;
2013-2022 жылдары аудан әкімдігінің ауыл шаруашылық бөлімінің бас маманы;
2022-2025 жылдары Меркі ауылдық округі әкімінің орынбасары.
2025 жылдың маусым айынан бастап бүгінгі күнге дейін Меркі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің бас инспекторы.




