Әбілдаев Қуаныш Әбілдайұлы

    Туризмді дамыту бөлімінің басшысы

    Әбілдаев Қуаныш Әбілдайұлы
    Бөлім басшысы

    Әбілдаев Қуаныш Әбілдайұлы

    Туризмді дамыту бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Әбілдаев Қуаныш Әбілдайұлы

    1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.

    2011 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотында бастаған. 2011–2016 жылдары сот актілерін орындау және мемлекеттік қызмет салаларында түрлі лауазымдар атқарған. 2016–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған.

    2019 жылдан бастап Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. 2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы сәуірге дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметінде жұмыс істеген.

    Сондай-ақ, Абай облысының Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы міндетін атқарған.

    2026 жылғы тамыздан бастап Абай облысы Туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері