Ділдабаева Жадыра Олжабекқызы
Балалалрдың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ділдабаева Жадыра Олжабекқызы, 1973 жылы 11 желтоқсанда Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Құрлық ауылында дүниеге келген.
1991–2003 жылдары Көкшетау педагогикалық институтында «Педагогика және тәрбие жұмысының әдістемесі» мамандығы бойынша білім алған.
2007-2009- «Фемида» заң академиясын «Заңтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Тараз қаласындағы №100 балабақшада тәрбиеші лауазымынан бастады.
2006–2020 жылдары Зеренді ауданының «Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде білім бөлімінің сектор меңгерушісі және білім бөлімінің әдіскері лауазымдарында қызмет атқарды.
2020–2021 жылдары Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңесінің бас маманы қызметін атқарды.
2021–2026 жылдары Ақмола облысының білім басқармасының Қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмыстары бөлімінде бас маман лауазымында қызмет атқарды.
2026 жылғы қаңтар айынан бастап Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау басқармасының Балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келеді.