Бахтина Айнұр Нұрбекқызы

    Жаңасемей ауданы білім бөлімінің басшысы

    Бахтина Айнұр Нұрбекқызы
    Басшы

    Бахтина Айнұр Нұрбекқызы

    Жаңасемей ауданы білім бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Бахтина Айнур Нурбековна 1987 жылғы 10 қаңтарда Алматы облысы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Жоғары білімді.

    2009 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022 жылы Әлихан Бөкейхан атындағы университетті аяқтап, қазақ филологиясы бойынша академиялық магистр дәрежесін алған.

    Еңбек жолын 2009 жылы Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№38 жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ-де қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    2013–2014 жылдары Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Семей қаласының №2 емханасы» ШЖҚ КМК-да қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

    2014 жылы «№38 жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ-не қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қайта оралған.

    2018–2022 жылдары аталған мектеп-лицейде тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарды. Тәрбие жұмысын, сынып жетекшілерінің қызметін, сондай-ақ жалпы мектептік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын үйлестірді.

    2022–2023 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2023–2024 жылдары тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары, ал 2024 жылғы қыркүйек-қараша айларында бейіндік оқыту жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарды.

    2024 жылғы 1 қарашадан 2026 жылғы 13 наурызға дейін Абай облысы білім басқармасының «Жаңасемей ауданының білім бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинет меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    Әдістемелік кабинет меңгерушісі қызметінде ауданның білім беру ұйымдарына әдістемелік қолдау көрсетуді ұйымдастырды, педагогтердің кәсіби дамуын, озық педагогикалық тәжірибені таратуды және білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды үйлестірді.

    Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл. Қазақ филологиясы бойынша магистр. Қазақ және орыс тілдерін меңгерген. Отбасылы.

    Кәсіби қызметінде жауапкершілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, мол педагогикалық тәжірибесімен және білім беруді дамытуға жүйелі көзқарасымен ерекшеленеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері