Боранбаева Лаура Жарылкапқызы
«Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
1994 жылы Шымкент қаласындағы №51 жалпы орта білім беретін мектебінде биология пәні мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1995 жылы жоғары оқу орнын тәмамдап, білім беру саласындағы кәсіби қызметін жалғастырды.
2019 жылы №16 жалпы орта білім беретін мектебіне директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне ауысты.
2022 жылы конкурс нәтижесі бойынша №3 балалар үйінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы балалар құқықтарын қорғау басқармасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарады.
Жалпы еңбек өтілі – 31 жыл. Отбасылы, төрт баланың анасы.



