Көшербаев Әділет Мұратұлы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитетінің төраға орынбасары
Өмірбаян
1982 жылы Ақмола облысында туылған, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
2004 – 2007 жж. – Ақмола облысы Әділет департаментінің АХАТ істері, нотариат және халыққа заң туралы көмек көрсету бөлімінің апостильдеу мәселелері бойынша маманының міндетін атқарушы, Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру бөлімінің апостильдеу мәселелері бойынша маманы, Көкшетау қаласы.
2007 – 2012 жж. – ҚР Әділет министрлігі Кадр жұмысы басқармасы кадр резерві, аттестаттау және даярлау, қайта даярлау бөлімінің бас маманы, Кадр департаменті кадрлық резерві, аттестаттау және кадрларды даярлау, қайта даярлау секторының сарапшысы, Кадр департаментінің сарапшысы, Мемлекеттік қызметкелердің этикасын сақтау бойынша бақылау басқармасының сарапшысы.
2012 – 2014 жж. – ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталығының қызметін үйлестіру комитеті Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін бақылау және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы, ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және халыққа қызмет көрсету орталығы үйлестіру, бақылау және дамыту басқармасының бас сарапшысы.
2014 – 2017 жж. – Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің Халыққа қызмет көрсету орталықтарын үйлестіру, бақылау және дамыту басқармасының бас сарапшысы, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Халыққа қызмет көрсету орталықтарын үйлестіру, бақылау және дамыту басқармасының басшысы, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру басқармасының басшысы.
2017 – 2020 жж. – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Электрондық үкіметті» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту департаменті директорының орынбасары.
2020 – қазіргі уақытқа дейін – ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.


