Дуғалов Талғат Әнурбекұлы

    Басқарма басшысы

    Дуғалов Талғат Әнурбекұлы
    Басқарма басшысы

    Дуғалов Талғат Әнурбекұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Талғат Әнуарбекұлы Дұғалов Павлодар облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы болып 2025 жылғы сәуірден бастап тағайындалды.

    Талғат Әнуарбекұлы 1989 жылы 10 тамызда Павлодар облысының Май ауданы Белогорье ауылында дүниеге келген.

    «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Заңгер» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар, сондай-ақ «Экономика және бизнес» магистрі дәрежесін алған.

    Еңбек жолын 2011 жылы «Ақсу қаласының әкімі аппараты» ММ электоралдық жұмыс жөніндегі инспектор болып бастап, 2012 жылдың маусымына дейін қызмет еткен. 2012 жылғы маусымнан 2014 жылғы тамызда – «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы. 2014 жылғы тамыздан 2017 жылғы қаңтарда - «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бас маманы. 2017 жылғы қаңтардан 2018 жылғы сәуірде – «Ақсу қаласының әкімі аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы. 2018 жылғы сәуірден 2019 жылғы сәуірде – «Железин ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ басшысы. 2019 жылғы сәуір - қыркүйекте – «Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі» ММ басшысының орынбасары. 2019 жылғы қыркүйектен 2022 жылғы наурызда – «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ шағын және орта бизнеспен өзара іс-қимыл бөлімінің, сауда саясаты бөлімінің басшысы. 2022 жылғы наурыздан 2023 жылғы қаңтарда – «Павлодар облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары.

    Осы лауазымға тағайындалғанға дейін 2023 жылғы қаңтардан 2025 жылғы сәуірде Ертіс ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет еткен.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері