Шогалов Жарқынбек Амангелдіұлы

    Бөлім басшысы

    Шогалов Жарқынбек Амангелдіұлы
    Бөлім басшысы

    Шогалов Жарқынбек Амангелдіұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Жарқынбек Амангелдіұлы 1976 жылдың 7 сәуірінде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Суханбай ауылында дүниеге келген.

    2015 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетін «құқықтану» мамандығы бойынша, 2022 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын «экономика» мамандығы бойынша, 2026 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін «құрылыс» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы «Аманалы» шаруа қожалығының мал дәрігері болып бастаған.

    2012-2017 жылдары Т.Рысқұлов ауданы «Құлан малдәрігер» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақыртөбе ауылдық округінің мал сою алаңының малдәрігері;

    2017-2020 жылдары "Меркі ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

    2020-2021 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің ветеринария басқармасының Меркі ауданының ветеринариялық станциясы шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының директоры;

    2021 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында Жамбыл облысы, Меркі ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы;

    2021-2022 жылдары Жамбыл облысы, Жуалы ауданы әкімінің орынбасары.

    2022-2023 жылдары Жамбыл облысы, Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.

    2023-2024 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімінің бас инспекторы.

    2024-2026 жылдары Жамбыл облысы, Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары;

    2026 жылдың сәуір-маусым айлары аралығында Жамбыл облысы, Талас ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері