
Нұржанова Самал Нұржанқызы
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
2012 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, құқық бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
2014 жылы «Тұран» университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітіріп, журналистика бакалавры академиялық дәрежесі берілді.
2020 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, құқық магистрі дәрежесі берілді.
2025 жылы Халықаралық көлік-гуманитарлық университетін «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап, бизнес және басқару магистрі дәрежесі берілді.
2012–2013 жылдары – «VEK-ALSAN» ЖШС-нің әкімшілік-кадр қызметінің басшысы, Алматы қаласы.
2013–2019 жылдары – Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының іс жүргізуші маманы, Алматы қаласы.
2018–2020 жылдары – «№1 Жөндеу-құрылыс басқармасы» ЖШС-нің заңгері, Алматы қаласы.
2021 жылы – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының кадрлар жөніндегі инспекторы (штаттан тыс қызметкер), Алматы қаласы.
2021–2022 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы, Алматы қаласы.
2022–2023 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы.
2023–2024 жылдары – Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы.
2024 жылы – Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, Алматы қаласы.
2024–2026 жылдары – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы.
2026 жылы – Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, Алматы қаласы.
2026 жылғы 21 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарады.





