Нурмуханов Асылбек Қазыбекұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Нұрмұханов Асылбек Қазыбекұлы 1999 жылғы 6 маусымда Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында дүниеге келген.

    Еңбек жолын 2018 жылы «Атриум Ақтөбе» ЖШС-де оператор болып бастады.

    2019–2021 жылдары Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бас маманның көмекшісі және статист лауазымдарында қызмет атқарды.

    2021–2022 жылдары «Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маманның көмекшісі және статист лауазымдарында еңбек етті.

    2022 жылы «Ақтау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде статист қызметін атқарды.

    2023 жылғы мамырдан 2025 жылғы қарашаға дейін Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының Жолаушылар көлігі бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет етті.

    2025 жылғы 7 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының Жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері