Абзалбеков Мерей Ягудович

    Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы

    Абзалбеков Мерей Ягудович
    Басқарма басшысы

    Абзалбеков Мерей Ягудович

    Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Абзалбеков Мерей Ягудович 2003 жылы Әл -Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Тарих" мамандығы бойынша бітірген, тарих магистрі.

    Еңбек жолын ғылыми салада бастады, А. Х. Марғұлан атындағыархеология Институтының жетекші инженері болып жұмыс істеді.

    2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды .

    2012 жылдан бастап кәсіби қызмет қоғамдық даму, жастар саясаты және мемлекеттік басқару мәселелерімен байланысты. Ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы, кейін Алматы қаласының жастар саясатын дамыту жөніндегі мемлекеттік қор директорының орынбасары болып жұмыс істеді, онда қоғамдық бастамаларды дамыту және жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті .

    2017 жылдан бастап Алматы қаласы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени сала бөлімін басқарды, онда әлеуметтік саясат, білім беру , мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл мәселелерін үйлестірді.

    2022-2023 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының Қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарды , онда қоғамдық келісім, үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл, азаматтық қоғамды дамыту және қоғамдық бастамалар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жетекшілік етті .

    2023-2024 жылдары Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

    2026 жылғы 22 мамырдан бастап Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері