
Мустафина Жулдыз Масгутовна
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют мәдениет орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы.
Өмірбаян
Мустафина Жулдыз Масгутовна 1994 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының Кішкенекөл ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар, 2017 жылы М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-ды «Физика және астрономия» мамандығы бойынша аяқтап, жаратылыстану бакалавры дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2018 жылы «Леденев орта мектебі» КММ іс жүргізушісі лауазымынан бастады.
2019 жылы «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Мамлют аудандық мәдениет үйі» МКҚК (қазіргі «Мамлют мәдениет орталығы» КМҚК) балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі әдіскері лауазымына ауысты.
2024 жылы «Мамлют мәдениет орталығы» КМҚК көркемдік жетекшісі лауазымына ауыстырылды.
2025 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Мамлют мәдениет орталығы» КМҚК директорының міндетін атқарушы болып табылады.

