
Әділбай Серік Тәукеұлы
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы
Өмірбаян
Әділбай С.Т. 1985 жылғы 7 шілдеде Абай облысы, Үржар ауданында дүниеге келген.
2002-2004 жылдары «Семей жоғары көп салалы колледжі» мекемесінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
2004-2007 жылдары «Тұран-Астана» университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2005 жылдан бастап жеке секторда әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
2008 жылдан бастап Астана қаласы әкімдігінің құрылымдық басқармаларында түрлі қызметтер атқарған.
2016 жылы Астана қаласы әкімінің аппаратында жұмыс істеген.
2022 жылы Астана қаласының Білім басқармасында басшының орынбасары қызметін атқарған.
2026 жылдан бастап Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы.
Әділбай С.Т. келесі мемлекеттік наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталған: «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл» мерейтойлық медалі.