
Нұрғалиев Өміртай Бекетұлы
Басшының орынбасары
Өмірбаян
1990 жылғы 6 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының Жалтыр ауылында дүниеге келген.
2013 жылы «Көкше» академиясын «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2024 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
Оқу орнын бітірген соң, 1990 жылы Петропавл қаласында бухгалтер болып еңбек жолын бастап, 2009 жылға дейін осы қызметте еңбек етті.
2009–2012 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Бескөл ауылындағы «Қызылжар аудандық білім бөлімі» КММ-де экономист болып еңбек етті.
2012–2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасында аға экономист қызметін атқарды.
2013–2014 жылдары Қызылжар аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бухгалтер болып жұмыс істеді.
2015–2016 жылдары Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерімен жұмыс жөніндегі облыстық дене шынықтыру-спорт орталығында экономист болды.
2016–2017 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2017–2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы болды.
2019–2020 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының Олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде экономист қызметін атқарды.
2020–2021 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты «Дельфин» су спорты түрлері бойынша олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде мемлекеттік сатып алу жөніндегі менеджер болып жұмыс істеді.
2021 жылы Қызылжар ауданы экономика және қаржы бөлімінің экономика және қаржы бөліміндегі қаржы және бюджеттік саясат секторының бас маманы міндетін атқарды.
2021–2022 жылдары Қызылжар ауданы экономика және қаржы бөлімінің нақты сектордағы бюджетті жоспарлау және атқару, бюджетке түсетін түсімдер жөніндегі бас маманының міндетін атқарды.
2022–2023 жылдары Қызылжар ауданы экономика және қаржы бөлімінің нақты сектордағы бюджетті жоспарлау және атқару, бюджетке түсетін түсімдер жөніндегі бас маманы болып жұмыс істеді.
2023 жылғы ақпаннан 2026 жылғы шілдеге дейін «Қызылжар арландары қазақ күресі спорт клубы» ЖШС директорының орынбасары қызметін атқарды.
2026 жылғы 6 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.
