Айтбаева Ақтолқын Асматқызы

    «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Айтбаева Ақтолқын Асматқызы
    Басшы

    Айтбаева Ақтолқын Асматқызы

    «Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    Өмірбаян

    Ақтолқын Асматқызы 1985 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

    Білімі – жоғары. 2009 жылы Орталық Азия университетін, 2012 жылы О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Тұрмыста, төрт бала тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 2008 жылы Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде инспектор болып бастаған.

    Еңбек жолында инспектор қызметінен бастап, бас маман және сектор меңгерушісі лауазымдарын атқарып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында басшылық қызметтерде еңбек етті.

    2023 жылғы қыркүйек айынан бастап Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

    2026 жылғы 2 наурыздан бастап Жезқазған қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.