
Талип Ержан Еркінұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
Талип Ержан Еркінұлы 1989 жылы Оңтүстік-Қазақстан облысы Шымкент қаласында туған.
2014 жылы Қытай Халық Республикасының Ухань қаласындағы Хуачжун ғылым және технология университетін «Менеджмент» мамандығы, 2016 жылы Ресей халықтар достығы университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Е. Талип еңбек жолын 2014 жылы «Анкор» Персонал Орталық Азия» ЖШС-нің әкімшілік сұрақтар жөніндегі маманы ретінде бастаған. Әр жылдары «КазТехникс» ЖШС филиалының сату менеджері, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының маркетинг, халықаралық байланыс, ұйымдастыру жұмысы және стратегиялық жоспарлау бөлімінің маманы және бас маманы, «TURKISTANINVEST» инвестицияларды тарту және экспортты дамыту өңірлік агенттігінде, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ құрылымдарында инвестициялар тарту, инвестициялық жобаларды дамыту және талдау бағыттарында бас менеджер, бөлім басшысы лауазымдарын атқарған.
Сондай-ақ, «Оңтүстік» өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-нің экономика талдау және даму департаментінің бас менеджері, «Тараз» индустриялық аймағы» басқарушы компаниясы» ЖШС-нің инвестициялар тарту жөніндегі менеджері және директоры қызметтерін атқарған.
2024 жылғы мамыр айынан бастап «Zhambyl Invest» құрылымында басшылық лауазымдарда қызмет атқарып келеді. Атап айтқанда, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жанындағы «Zhambyl Invest» дирекциясы басшысының орынбасары, дирекция басшысы қызметтерін атқарған. 2025 жылғы тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін «Zhambyl Invest» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Басқарма Төрағасы лауазымында қызмет атқарып келеді.
Үйленген, 1 баласы бар.