
Өмірбаян
Ернар Ғалиұлы 1991 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген.
➤ 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Туризм» мамандығы, ал 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған.
➤ Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінде бастаған. Осы министрлікте басқарма сарапшысы, бас сарапшы, басқарма басшысы және департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.
➤ 2023 жылғы қазаннан 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі департаменті директорының орынбасары, 2024 жылғы ақпаннан тамызға дейін Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында еңбек етті.


