Ибраева Айман Елемановна

    Басшы

    Өмірбаян

    Ибраева Айман Елемановна

    Ұлты: қазақ

    Туған күні: 1966 жылғы 07 шілде

    Туған жері: Қостанай қ.

    Білімі: жоғары

    Оқу орнын бітірген жылы және атауы:

    1987 жыл — Қостанай педагогикалық институты

    Мамандығы бойынша біліктілігі:

    Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі

    Ибраева Айман Елемановна 1966 жылғы 07 шілдеде Қостанай облысының Қостанай қаласында дүниеге келген.

    1987 жылы Қостанай педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген.

    Білім беру саласындағы еңбек жолын 1987 жылы Қостанай ауданының Владимиров орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі ретінде бастады.

    1992 жылдан 2001 жылға дейін Қостанай қаласындағы №26 орта мектепте (кейіннен физика-математикалық лицей болып қайта құрылған) орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметін жалғастырды.

    2001 жылдан 2002 жылға дейін Қостанай қалалық білім бөліміне орыс тілі бойынша әдіскер ретінде жұмысқа шақырылды.

    2002 жылдың ақпан айында «Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы» ММ-не бас маман ретінде мемлекеттік қызметке тұрды, ал 2005 жылдан 2011 жылға дейін осы Басқарманың әкімшілік-ұйымдастыру жұмысы бөлімің басшысы лауазымында қызметін жалғастырды.

    2011-2014 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары болды.

    Бұдан әрі 2014 жылдан 2019 жылға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы» ММ Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

    Конкурс қорытындысы бойынша 2019-2020 жылдары «Қостанай қаласы әкімдігінің Білім бөлімі» ММ-н басқарды.

    2020 жылдан 2022 жылға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы» ММ басшысының орынбасары ретінде қызметін жалғастырды, ал 2023 жылдан 2026 жылға дейін «Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы» ММ басшысы лауазымын атқарды.

    Қостанай облысы әкімінің 2026 жылғы 12 маусымдағы өкімімен Қостанай облысы әкімдігінің Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы болып тағайындалды.