Мұсабаев Рахманбет Нақыпбекұлы

    Бөлім басшысы

    Мұсабаев Рахманбет Нақыпбекұлы
    Бөлім басшысы

    Мұсабаев Рахманбет Нақыпбекұлы

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Мұсабаев Рахманбет Нақыпбекұлы 1992 жылғы 4 ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Қақпақ ауылында дүниеге келді.

    2013 жыл - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті, мамандығы Тұрмыстық қызмет және сервис, академиялық дәрежесі қызмет көрсету саласындағы бакалавры

    2016 жыл - Шымкент университеті, мамандығы экономика, академиялық дәрежесі экономика және бизнес бакалавры

    Еңбек жолын 2013 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданының қаржы бөлімінде инспектор болып бастады.

    09.01 - 27.07.2014 жж. Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданының "Жастар бастамалары орталығы" кеңесші қызметін атқарды.

    2014 - 2016 жж.. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт аудандық жұмыспен қамту орталығы бағдарламашы қызметін атқарды.

    2016 - 2019 жж.. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің автомобиль жолдары мен жолаушылар көліктерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын мемлекеттік сатып алу жұмыстары секторының бас маманы қызметін атқарды.

    2019 - 2021 жж.. Түркістан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, білім және жастар саясаты бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2021 - 2024 жж.. Түркістан облысы стратегия және экономикалық даму басқармасы, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және табиғатты қорғау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    13.09 – 04.12.2024 жж.. Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, мемлекеттік аппарат, қорғаныс және құқық қорғау органдары бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

    2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және табиғатты қорғау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері