Карина Құралай Қабешқызы

    ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары

    Карина Құралай Қабешқызы
    Төрағаның орынбасары

    Карина Құралай Қабешқызы

    ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Арнайы атағы – полиция полковнигі.

    1996 жылы С. Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің филология факультетін «ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.

    Ішкі істер органдарындағы қызметін 1996 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор болып бастаған.

    1998 жылы – Ақмола облысы ІІБ Әкімшілік полиция қызметінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімінің бастығы.

    1999 жылдан 2004 жылға дейін – Астана қаласы ІІБ Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі ІІО қызметін ұйымдастыру және ұйымдастырушылық-талдау жұмысы бөлімшесінің аға инспекторы.

    2004 жылдан 2018 жылға дейін – Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бастығы.

    2018 жылдан 2021 жылға дейін – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Әкімшілік полиция қызметтерінің қызметін ұйымдастыру және бақылау басқармасының ұйымдастырушылық-талдау жұмысы бөлімінің бастығы.

    2021 жылдан 2026 жылға дейін – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Ұйымдастырушылық- аналитикалық жұмыс басқармасының бастығы.

    2026 жылдың маусым айынан – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері