
Мырзакулов Сәкен Қазбекұлы
Басқарма басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары
Өмірбаян
С.Қ. Мырзакулов 1989 жылы дүниеге келді.
Білімі жоғары. Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша тәмамдап, акушер-гинеколог дәрігер біліктілігін алған. Сонымен қатар «Құқықтану» және «Экономика» мамандықтары бойынша жоғары білім иегері.
Еңбек жолын 2013 жылы дәрігер болып бастаған. Әр жылдары денсаулық сақтау саласында түрлі жауапты қызметтер атқарып, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының бірінші орынбасары және басқарма басшысының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жауапты қызметтерде еңбек етті.





