Ахметов Талгат Кадырбекович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Басқарма басшысының орынбасары

    Ахметов Талгат Кадырбекович

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    1990 жылы 16 шілдеде Өскемен қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2019 және 2020 жылдары — Қазақстан-Американдық еркін университетін (соның ішінде 2019 жылы «Қазақстан-Американдық Еркін Университеті» ЖШС-ін), ал 2022 жылы — «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті» КЕАҚ-ын бітірген.

    Еңбек жолын 2011 жылы Өскемен қаласындағы «Matai LTD» ЖШС-нде директор лауазымында бастаған.

    2012–2014 жылдары Өскемен қаласындағы «Интермастер» ЖШС-нде директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

    2014–2015 жылдары «Семей қ. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ абаттандыру секторының меңгерушісі лауазымын атқарды.

    2015–2018 жылдары «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті» ММ-нде мүлікпен жұмыс жөніндегі бас маман болып жұмыс істеді.

    2018 жылы «Риддер қ. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

    2018–2020 жылдары «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2020–2022 жылдары аталған басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

    2025–2026 жылдары — Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы.

    2026 жылғы 8 сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — «Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы» КММ басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері