
Бөлім басшысы
Мамбетов Шаттык Шамуратбекович
«Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
1979 жылғы 8 желтоқсанда Қырғыз Республикасының Бішкек қаласында дүниеге келген.
2009 жылы И.Исанов атындағы Қырғыз мемлекеттік құрылыс, транспорт және архитектура университетін тәмамдаған. 2011 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Мамандығы – өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс сәулетшісі.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Сәулет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында техник қызметінен бастаған.
- 2008–2009 жж. – Алматы қаласындағы «Байбек-ДА» ЖШС-де инженер;
- 2010 ж. – Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Таусамалы ауылдық округінің «Сәулет» МКК-де техник;
- 2010–2011 жж. – Таусамалы ауылдық округінің «Сәулет» МКК-де сәулетші;
- 2012–2013 жж. – Алматы қаласы «Алматы қала құрылысы кадастры» МКК-де II санатты маман;
- 2013–2017 жж. – Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы «Қала құрылысы кадастры» МКҚК директоры;
- 2017 ж. – Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы;
- 2017–2026 жж. – Алматы облысы, Талдықорған қаласындағы «Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы бөлімінің бас маманы;
- 2026 жылғы 4 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Іле ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.




