Аубакиров Аталық Аманжолұлы

    Белағаш ауылының әкімі

    Аубакиров Аталық Аманжолұлы
    Әкім

    Аубакиров Аталық Аманжолұлы

    Белағаш ауылының әкімі

    Өмірбаян

    2011 жылы Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша бітірген.

    2009 жылдың наурызынан 2012 жылдың қазанына дейін Алматы қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік коммуналдық қазыналық өндірістік-пайдалану кәсіпорнында және "Алматы электр станциялары" АҚ ЖЭО-1 Департаментінде электр монтері, электр жабдықтарын пайдалану және жөндеу және байланыс бөлімінің байланыс шебері болып жұмыс істеді.

    2012 жылғы қазан мен 2014 жылғы тамыз аралығында Алматы қаласының "Kaspi Bank" АҚ-да жұмыс істеді, онда бөлшек өнімдерді дамыту Департаменттерінде, бөлшек сауда бэк-офисінде және бөлшек өнімдерді дамыту дирекциясының Product Office Департаментінде менеджер лауазымдарын атқарды.

    2015 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың наурызына дейін - "Агрофирма TNK" ЖШС мал шаруашылығы бөлімінің маманы.

    2016 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қазан айына дейін Белағаш ауылы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.

    2018 жылдың қазанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін Белағаш ауылының әкімі қызметін атқарды.

    2022 жылғы мамырдан 2022 жылғы қазанға дейін-ҚР АШМ қаржы құралдары және микрокредиттеу Департаменті қаржы құралдары басқармасының сарапшысы.

    2022 жылдың қазанынан 2022 жылдың желтоқсанына дейін ҚР АШМ Стратегиялық талдау және жоспарлау Департаменті талдау басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

    2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жарқайың ауданының "Байлық" шаруа қожалығы дала бригадасының бригадирі болып жұмыс істеді.

    2026 жылғы 15 маусымдағы АСК шешімімен Жақсы ауданының Белағаш ауылының әкімі болып тіркелді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері