
Өмірбаян
Әділ Ташпулатов 1980 жылы 28 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын 1999 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде бастаған.
2000– 2016 жылдар аралығында А.Сулейменов, №5 С.Ысмайылов және №36 Қ.Тоқмұхамедов жалпы орта мектебтерінде мұғалім, Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер, №2 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директор орынбасары қызметтерін атқарған.
2016 жылдан бастап 2025 жылдың 29 мамырына дейін №4 балалар және жасөспірім спорт мектебінің директоры лауазымында қызмет атқарып келген





