
Жапанов Аскар Кидербаевич
Жданов ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Туған жылы – 1977 жыл.
Туған жері – Қостанай облысы.
Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары, мамандығы «Құқықтану».
1984–1994 жылдары Қостанай облысы Қарасу ауданының Панфилов атындағы орта мектебінде білім алған.
2003 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай училищесін тәмамдаған.
2007 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алған.
Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.
Жалпы еңбек өтілі 27 жылды құрайды, оның ішінде 15 жылдан астам уақыт Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарында қызмет атқарған.
Зейнеткерлікке еңбек сіңірген жылдары бойынша шыққаннан кейін мемлекеттік қызметке келген. 2020–2026 жылдар аралығында Бейімбет Майлин ауданы және Қостанай ауданы әкімдерінің аппараттарында қызмет атқарған.
2026 жылы Қостанай қаласы әкімінің аппаратының бас инспекторы лауазымын атқарған.
2026 жылғы 2 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы Қостанай ауданы Жданов ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарады.


