Жүсіпов Ердос Жанатұлы

    Павлодар облысы цифрландыру басқармасының басшысы

    Жүсіпов Ердос Жанатұлы
    Руководитель управления

    Жүсіпов Ердос Жанатұлы

    Павлодар облысы цифрландыру басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    Ердос Жүсіпов 1989 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар: 2011 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, ал 2023 жылы Торайғыров университетін «Computer Science» мамандығы бойынша тәмамдаған. Өңірлік кадр резервінің мүшесі.

    Еңбек жолын 2011 жылы «Шаһар Press» ЖШС-де тілші болып бастаған. 2014-2023 жылдар аралығында ақпараттық технологиялар саласында түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

    2024 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін «PetroRetail» ЖШС-нің Астана қаласы және Павлодар облысы бойынша филиалында өңірлік менеджер қызметін атқарды.