Қосжанов Асқар Серікұлы

    Әкім

    Өмірбаян

    Косжанов Аскар Серикович, 1978 жылдың 12 ақпанында Семей облысы, Аягөз ауданы, Таскескен ауылында дүниеге келген.

    2007 жыл – «Радиотехника және байланыс колледжі», «Есептеу техникасы және автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету»;

    2008 жыл - Шығыс Қазақстан облысы №20 кәсіптік мектеп, «хатшы-референт»;

    2018 жыл - Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

    Еңбек жолын 2003 жылы «Айдын-Шалқар» шаруа қожалығында іс- қағаздарын жүргізуші ретінде бастап, 2008 жылға дейін жұмыс атқарды. 2009–2017 жылдары жеке кәсіпкер «Қосжанов А.С.» жанында программист болып қызмет етіп, ақпараттық технологиялар саласында тәжірибе жинақтады.

    2017–2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында маман болып еңбек етті. 2021 жылдан бастап Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі аппаратында қызмет атқарып, жетекші маман міндетін атқарушыдан бас маман лауазымына дейін өсті.

    2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы Үржар ауданы Қоңыршәулі ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарды.

    2025 жылдан бастап «КАЖсервис» ЖШС Абай облыстық филиалының ЖПУ-24 мекемесінде жол шебері болып істеді.