Ахметов Әнуарбек Серікұлы

    Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы және Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Ахметов Әнуарбек Серікұлы
    Посол

    Ахметов Әнуарбек Серікұлы

    Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы және Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

    Өмірбаян

    · Қазақ мемлекеттік басқару академиясы (қазіргі «Нархоз» университеті) (1998 ж.)

    «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша дипломды үздік бітірген.

    · Сорбонна университетінің Іскерлік әкімшілендіру институты (Париж, Франция) (2010 ж.)

    Ұйымдар мен кәсіпорындарды басқару мамандығы бойынша MBA (Іскерлік әкімшілендіру магистрі) дәрежесін алған.

    · Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті (07.1998–03.1999);

    · Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің атташесі (03.1999–04.2001);

    · Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің үшінші хатшысы (04.2001–12.2002);

    · Қазақстан Республикасының Жапониядағы Елшілігінің екінші хатшысы (12.2002–10.2005);

    · Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ЕҚЫҰ орталығының кеңесшісі (10.2005–11.2005);

    · Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жалпыеуропалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі (12.2005–03.2007);

    · Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің бірінші хатшысы (03.2007–09.2010);

    · Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің кеңесшісі (10.2010–10.2013);

    · Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы экономикалық саясат департаменті директорының орынбасары (11.2013–09.2018);

    · Қоса атқарушы қызмет ретінде – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының доцент-оқытушысы, «Халықаралық ұйымдар және әлемдік экономика» пәні (01.2015–05.2020);

    · Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Еуропа департаментінің директоры (09.2018–09.2020);

    · Қазақстан Республикасының Страсбург қаласындағы (Франция) Бас консулы (Қазақстан Республикасының Францияның Үлкен Шығыс өңірімен және халықаралық ұйым – Еуропа Кеңесімен ынтымақтастығын дамыту мәселелеріне жетекшілік етті) (09.2020–11.2023);

    · Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры (14.11.2023–15.11.2024);

    · 2024 жылғы 15 қарашадан бастап Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

    · 2025 жылғы 13 қазаннан бастап Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).