
Ускембекова Жулдыз Меркешовна
Басшы
Өмірбаян
Ускембекова Жулдыз Меркешовна 1972 жылдың 8 қыркүйегінде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы С.Сейфуллин атындағы совхозда дүниеге келген. 1979 жылдан 1989 жылға дейін Жаңаарқа ауданындағы Рассвет совхозындағы Ынталы орта мектебінде білім алған. 1995 жылы Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2016 жылы сырттай оқу түрімен Орталық Қазақстан академиясына түсіп, 2018 жылдың 15 мамырында «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Жаңаарқа ауданындағы Карл Маркс атындағы совхоздың О.Әлібаев атындағы орта мектебінде бастап, онда 1997 жылға ақпанына дейін қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1997 жылдың 17 ақпанынан 2005 жылдың 12 қарашасына дейін Қаражал қаласының №1 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарған. 2005 жылдың 14 қарашасынан бастап Жаңаарқа ауданының «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман болып жұмыс істеген. 2006 жылдың 5 қаңтарынан бастап Жаңаарқа ауданының «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінде бас маман қызметін жалғастырған. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Жаңаарқа ауданы әкімінің аппаратының кадр қызметінің басшысы болып тағайындалған. 2026 жылдың 18 ақпанынан бүгінгі күнге дейін «Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 20 жылдан асады.