
Канапин Нуржан Дауренович
Жаңа Бухтарма кентінің әкімі
Өмірбаян
Нуржан Дауренович Канапиннің екі жоғары білімі бар: 2012 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін кәсіптік оқыту мамандығы бойынша; 2020 жылы Д.Серікпаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. 2014 жылы кәсіптік оқыту мамандағы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілген.
Еңбек жолын 2012 жылдың қыркүйегінде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өндірістік учаскесінің шебері болып бастааған, 2014 жылдың қыркүйегінен 2015 жылдың тамызына дейін Өскемен қаласының № 42 орта мектебінде технология мұғалімі болып жұмыс істеген. 2015 жылдың тамыз айынан бастап жыл бойы Өскемен қаласының жұмыспен қамту орталығының біліктілігі жоғары деңгейдегі маманы болып жұмыс істеген.
2016 жылдың қыркүйегінде Өскемен қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығын талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы болып мемлекеттік қызметке кірген. 2019 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының еңбек нарығын талдау және мониторинг бөлімінің басшысы болып тағайындалған. 2020 жылдың қазанынан 2022 жылдың шілдесіне дейін Глубокое ауданы Быструшинск ауылдық округінің әкімі болған. Мемлекеттік қызмет өтілі 5 жылдан асады.
2022 жылдың қараша айынан бастап Ұлан ауданы әкімдігінің «Коммунальник» КМК директоры болып жұмыс істеген.




