
Бәкіров Ерлан Әмірханұлы
Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы
Өмірбаян
Бәкіров Ерлан Әмірханұлы 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер», «Болашақ» университетін «экономика» және «құрылыс» мамандықтары бойынша бітірген.
2005-2006 жылдары Қызылорда облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасында, сондай-ақ Қызылорда облысының тарифтер жөніндегі басқармасында жетекші, бас маман ретінде жұмыс жасаған.
2006-2016 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінде бас маман, бас инспектор, кадр бөлімінің меңгерушісі.
2016-2021 жылдары Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары, Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары.
2021-2026 жылдары Қызылорда облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2026 жылдың 18 мамырынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы болып табылады.