
Жаконов Сәндібек Мұратұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Аты-жөні: Жаконов Сәндібек Мұратұлы
Туған күні: 19 шілде 1980 жыл
Туған жері: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Қызылсу ауылы
Білімі:
- 1998 жылы «Ақтөбе теміржол көлігі» колледжінде «экономика, бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау» мамандығы бойынша тәмамдады.
- 2000 жылы Қазтұтыну одағының «Қарағанды экономикалық университетінде» бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1999 жылы «Қызылсу» ЖШС-нің есепшісі лауазымынан бастаған.
2003-2006 жылдар аралығында «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-нің коммуналдық меншік бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.
2006 жылдан 2013 жылға дейін «Хромтау аудандық тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің» басшысы болды.
2013 жылдан 2017 жылға дейін Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы болып қызмет атқарған.
2017 жылдан 2019 жылға дейін «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы болып жұмыс жасаған.
2019 жылдан 2026 жылға дейін Хромтау ауданы әкімінің орынбасары болды.
2026 жылдың мамырынан бастап Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.


