
Салимжанова Карлыгаш Галымтаевна
Мұзбел ауылының әкімі
Өмірбаян
Сәлімжанова Қарлығаш Ғалымтайқызы - 15 қаңтар 1981 жылы Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Казгородок ауылында дүниеге келген.
Жоғары білімі бар. Саран гуманитарлы-техникалық колледжін «Бастауыш сыныптарды оқыту» мамандығы бойынша» (2001 ж.) және академик Е. А. Бөкетов Атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша (2007 ж.) тәмамдаған.
Еңбек жолын Шахтинск қаласы №16 қазақ орта мектебінде бастап, әр жылдары тәлімгер, лаборант, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, шығармашылық жұмыстардың ұйымдастырушысы қызметтерін атқарған. Кейін Киров орта мектебінде қазақ даярлық тобының мұғалімі, шығармашылық жұмыстардың ұйымдастырушысы және ән-күй пәнінің мұғалімі, сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеген.
2012 жылдан бастап Нұра ауданы Майоровка ауылы мәдениет үйінің меңгерушісі қызметін атқарып, мәдени салада белсенді еңбек еткен. Сонымен қатар Р. С. Асубаев атындағы орта мектебінде өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, Көбетей ауылы мәдениет үйінің меңгерушісі қызметтерін қатар атқарған.
Жалпы еңбек өтілі - 25 жылдан астам.