
Сатыбалдиев Руслан Нұрланұлы
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Сатыбалдиев Руслан Нұрланұлы 1988 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2011 жылы «Тұран» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Құқық қорғау органдарындағы еңбек жолын 2011 жылы Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінің (қаржы полициясы) Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу басқармасы бөлімінің инспекторы болып бастаған.
2012–2014 жж. – Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес департаментінде (қаржы полициясы) инспектор, аға инспектор.
2014–2019 жж. – Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші, бас маман – аға офицер, бөлім басшысы.
2019 ж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы.
2019–2021 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасы басшысының орынбасары.
2021–2022 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тергеу басқармасының басшысы.
2022–2025 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары.
2025 жылғы 6 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары

